
Назымбет Раушан Шайзатқызы, 1974 жылы 10 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Комсомол ауылында дүниеге келген. 1981-1989 жылдар арасында Комсомол орта мектебінде 9-сыныпты аяқтап,1989-1991 жылдары Обручевка елді мекеніндегі М.Горький атындағы негізгі мектептің 11-сыныбын аяқтаған. 1991-1996 жылдар арасында басқа сала бойынша білімін жетілдіріп,еңбек етті. 1996 жылы Шымкент қаласындағы педогогикалық училищеге бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіп,1998 жылы қызыл дипломмен бітіріп шықты.2002 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезеов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне оқуға түсіп , 2007 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Леңгір қаласынд…қаласындағы Таскешу шағын жинақты бастауыш мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды. Осы аталған мектеп 2018 жылы жаңа ғимаратқа ауысып атауы Айзере бастауыш мектебі болып ауысты. 2011 жылы Шымкент қаласындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру орталығында "12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып" тақырыбында курстан өтті .
2013 жылы бастауыш сынып мұғалімі лауазымы бойынша "Екінші біліктілік " санаты берілді. 2013 жылы Төле би аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Үздік сабақ жоспары" байқауында жүлделі 3-орын иеленген..2019 жылы Төле би аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының арасында өткізілген аудандық пән олимпиадасында математика пәнінен оқушысы жүлделі 2-орын иеленді. 2018 жылы бастауыш сынып мұғалімі лауазымы бойынша «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты берілді. Төле би аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының арасында өткізілген аудандық пән олимпиадасында математика пәнінен оқушысы жүлделі 3-орын иеленді. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті "Ғылым ордасы" РМК ұйымдастыруымен өткізілген "Қазақстан жәндіктерінің таңғажайып әлемі" шығармашылық байқауына оқушыны дайындап,оның бойындағы шығармашылық қабілетін дамытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды, оқушысы Дипломмен марапатталды.2021 жылы "Алтын ұрпақ" зияткерлік олимпиадасында оқушысы бас жүлдені иеленіп дипломмен,медальмен марапатталды, ұстазы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. 2020 жылы облыстық "Бастауыш сынып мұғалімдер олимпиадасына қатысып" жүлделі 1-орын иеленді. 2022 жылы "Өрлеу" БАҰО ұйымдастырумен өткізілген "Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2022" облыстық байқауға қатысып жүлделі 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2022 жылы "Қазақстан педагогтері" ассоциациясының академиясының ұйымдастыруымен өткен "Тәуелсіздіктану" халықаралық жобаға қатысып алғыс хатпен,сертификатпен марапатталды.2022 жылы Төле би ауданының әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген "Зерде" зерттеу жобалары конкурсында оқушысы жүлделі 3-орын иеленді, шәкіртін дайындағаны үшін ұстаз алғыс хатпен марапатталды. 2021жылы Республикалық "Ұстаз-мектеп тірегі" ғылыми-әдістемелік журналына үздік сабақ жоспарымен мақаласын республика көлемінде таратып тәжірибе алмасқаны үшін дипломмен марапатталды. 2023 жылы Төле би ауданының әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының арасында өткізілген аудандық пән олимпиадасында математика пәнінен оқушысы жүлделі 2-орын иеленді ,шәкіртін дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы Төле би аудандық "Нұр Отан" партиясының алғыс хатымен марапатталды. 2018,2019,.2023 жылдары Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында оқушылары I, ІІ орындар иеленді. 2018, 2019, 2020, 2021, 2022 оқу жылында «ALTYN QYRAN - ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасында оқушылары ІІ, ІІІ дәрежелі орындар иеленді.