16
қараша
2023
МАДИБЕКОВ Нурсултан Жахангерулы

2000-2012 жылдар арасында П.Тәжібаева жалпы орта мектебін аяқтап, сол жылы Аймақтық әлеуметтік–инновациялық университеттіне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқуға түсіп, 2017 жылы бітіріп шықты. 2019 жылы №9 Айзере бастауыш мектебіне, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келе жатыр, сонымен қатар, Төлеби аудандық №2 БЖСМ бокс үйірмесінің жаттықтырушысы болып қызмет атқарды. 2023 жылы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында «Дене тәрбиесінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
2021 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Ленгер қаласының әкімінен Алғыс хан иеленді.
2023 жылы 9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай «Төлеби Әлібекұлының 360 жылдығына» арналған бокстан жасөспірімдер арасында өтетін Төлеби аудандың №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігінде Үздік жаттықтырушы марапаты мен марапатталды. 2023 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Шұбарсу спорт кешенінде өткен жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнирде әділ төрешілік еткені үшін марапатталды. 2022 жылы Шымкент қаласының бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілігінде Үздік жаттықтырушы номинациясы мен марапатталды.