Маденова Айгерім Кәрімқожақызы, 1994 жылы 8 қарашада Оңтүстік Қазақстан, Отырар ауданы,Қожатоғай ауылында дүниеге келген. 2000-2012 жылдар арасында Сарыағаш ауданы,Ынтымақ ауылы,№9 Майлықожа мектебінде оқып, 2012-2016 жылдар арасында Шымкент қаласы ХГТУ(Халықаралық Гуманитарлы Техникалық Университетінің бастауыш оқыту мамандығын бітіріп шықты.2016 жылы Сарыағаш қаласы, Ынтымақ ауылы ,Майлықожа мектебінде мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі болып қызмет атқарды.2017-2020жылы Толеби ауданы Ленгер қаласы,№2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектептің бастауыш мұғалімі болып қызмет атқарды. 2019 жылы “Өрлеу “БАҰО“ АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтын оқыды.2021 жылы V Республикалық “Үздік жас маман “ олимпиадасының жеңімпазы атанды. 2021 жылы Толеби ауданы Ленгер қаласы,№9Айзере бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқаруда. 2023 жылы біліктілікті арттыру курсын “Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары” тақырыбы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде курсын өтті. 2022-2023 оқу жылында Аудандық мектепалды даярлық сынып білім алушылары арасында өткізілген “Мен зерттеушімін”байқауында бас жүлдені иеленді.