Есалиева Айзада Айдарханқызы 1994 жылы 8 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Тасарық ауылында дүниеге келген. 2001-2011 жылы Тасарық ауылы Т.Тоғысбаев мектебінде оқыды. 2011-2015 жылдар арасында Шымкент қаласы «Мирас» университетінің «Бастауышты оқытудың педагогикасымен әдістемесі» Бакалавр мамандығын алып шықты. 15.02.2016-21.01.2020 жылы Төлеби ауданы Леңгер қаласы № 2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды. 3.17.2020 жылы Төлеби ауданы Леңгер қаласы №9 Айзере бастауыш мектебіне бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 26.04.2021 ж. «Өрлеу» БАҰО «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» біліктілігін арттыру институтын оқыды. «Өрлеу» ғылыми-әдістемелік орталығы. 03.07.2023 ж «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында курс оқыды. 2021 жылы Өрлеу порталының ұйымдастыруымен оқушыларын «Алтын күз» сайысына қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Мектепішілік өткен «Үздік сабақ» жоспары сайысында өзінің үздік жұмысын көрсеткені үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Абай мұрагері» халықаралық өнер байқауына шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2022-2023 жылы мектепішілік өткен «Жаңашыл ұстаз» байқауына қатысып 2-орын иеленді. 2021 жылы Төлеби Аудана Адами Әлеуетті Дамыту Бөлімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алғыс хатпен марапатталды. 2022-2023 Төлеби аудан адами әлеуетті дамыту бөлімі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Алғыс хатпен марапатталды.